Аймақтар • 08 Мамыр, 2018

Семейде cоғыс жылдары туған әндерге арналған әдеби-музыкалық кеш  өтті

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 Мамыр - Жеңіс күні! Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын-байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды.

Семейде cоғыс жылдары туған әндерге арналған әдеби-музыкалық кеш  өтті

Фото: автор

Осынау мерейлі күнге орай 3 мамыр күні Абай кітапханасы Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Соғыс оты шарпыған әндер» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. Кеш барысына арнайы Петр Коломин, Григорий Малоров сынды соғыс ардагерлері шақырылды. Кеш қонақтары бұл жиында қысқаша өмірбаяндарымен таныстырып, сонымен қоса қан майдан кезіндегі азат еткен жерлерді де тілге тиек етті.

Іс-шара барысында соғыс жылдарындағы  жауынгерлерге рух берген, үміт сыйлаған «Дариға сол қыз», «Кестелі орамал», «Катюша», «Кездейсоқ вальс» сынды ән шашулар айтылды. Кешке Салтанат Сыбанбаева, Данияр Ахмадиев сынды қаламыздың беделді әншілерін арнайы шақырып отырмыз. Сонымен қатар Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің әскери кафедрасының оқытушысы, запастағы полковник Қайрат Тұрлыбеков және запастағы майор Талғат Жарықбасовтың басшылығымен студенттерден құралған хор мен әскери дефиле көрсетіп өздерінің үлестерін қосты.

Бұдан бөлек аталмыш іс-шараны «Ұлы Жеңіс - болашақ ұрпаққа мұра» атты соғыс жылдарындағы шежірелі кітап көрмесі толықтырды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА